Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау
Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар айтылып, 2024-2025 оқу жылындағы білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі тың жобалар, оқыту сапасын арттыру, мұғалім мәртебесін көтеру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудың жаңа әдістерін қолдану, білім берудегі цифрлық мәселелері кеңінен айтылды. Кеңесте Ұлытау облысының үздік педагогтері марапатталса, оның көшбасында Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарының педагогтері де бар.Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы - Нуржанова Эльмира Арифовна, №5 жалпы білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарын марапатымен құттықтаймыз!
"Балақайлар мектебінде" 1-сынып бүлдіршіндеріне арналған дайындық сабақтары өтілуде. Бүлдіршіндер түрлі тапсырмалар орындап, ойындар ойнап, қызығушылықпен мектепке келуде. Дайындық сабақтарының мақсаты: балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1 сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.
Сынып жетекшісі: Садуакасова А.С.
Қысқы каникул уақытында 6 “Ә” сыныбының оқушыларына гүлді қалай күту жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная школа №5» отдела образования города
Сатпаев управления образования области Ұлытау








